From Wikipedia, the free encyclopedia
Тодо бичиг (қалм.:ᡐᡆᡑᡆ
ᡋᡅᡒᡅᡎ, Тодо бичг; моңғ.: ᠲᠣᠳᠣ
ᠪᠢᠴᠢᠭ, Тодо бичиг; бурят.: Тодо бэшэг), кейде тодо – 1648 жылы ескі моңғол жазуының негізінде буддалық сопы Зая Пандитаның (1599-1662) құрастырған әліпбиі.[1] Зая Пандитаның (шын есімі Намхай Чжамцо) бұл әліпбиді құрастырудағы мақсаты – ойрат жазба тілін ауызша тілге мейлінше жақындату еді. Оған қоса діни трактаттарда кең қолданыс тапқан санскриттік және буддалық терминдер ықшамдалып, көпшілікке түсінікті қалпына келтірілді.
Тодо бичиг | |
Түрі: |
консонантты-вокалды |
---|---|
Тілдері: |
қалмақ (1924 жылға дейін), ойрат, моңғол |
Пайда болған жері: | |
Шығарушы: |
Зая Пандита |
Пайда болу уақыты: |
1648 жыл |
Кезең: |
XVII ғасырдың ортасынан бастап қолданылуда |
Жазу бағыты: |
жоғарыдан төмен |
Шығу тегі: |
Финикия жазуы
|
Туыстас жазу жүйелері: |
маньчжур жазуы |
Юникод диапазоны: | |
Жазу жүйесі | |
Тодо бичиг вертикальды моңғол әліпбиінің жақын туысы. Бұл әліпби арамей жазуының негізінде құрастырылған ұйғыр жазуынан пайда болды[2] Арамей жазуында әр дауысты дыбыс жеке символмен қамтамасыз етілмеген. Осы тізімнің ішінде тодо бичигте ғана әр дауысты дыбысты жеке таңбалармен қамтамасыз ету проблемасы шешілді. Жаңадан қосылған символдар мен диакритикалық таңбалар дауысты дыбыстардың ұзақтығын айқындады. Әр дауысты дыбыс үшін жеке символды бекіту мәтіндердегі екі мәнділікті жойды.[3] Ойрат (қалмақ) тілінде жоқ, бірақ шетел сөздерінде кездесетін “ши”, “си” дыбыстары үшін арнайы таңбалар енгізілді.
Ойраттар (қалмақтар мен жоңғарлар) және көрші халха-моңғолдар тодо бичигті XVII ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін қолданған.[4] Оңай оқылуына байланысты тодо бичиг халха-моңғолдардың көркем әдебиетінде маңызды орынға ие болды.
Діни трактаттарды аудара отырып, Зая Пандита буддизмді Батыс Моңғолия жерінде таратуды көздеді. XVIII ғасырдың басында ойрат (қалмақ) жазба тілінің екі тармағы пайда болды:
Зая Пандитаның биографы әрі замандасы болған Ратнабадраның пікірінше, буддалық сопы мен оның шәкірттері тибет, моңғол тілдерінен, санскриттен 177 туындыны ойрат (қалмақ) тіліне аударған. Бүгінгі күнге дейін Зая Пандитаның 60-қа жуық аудармасы (философия, медицина және т.б. бағыттар) табылған.[6]
Тодо бичигті дін қызметкелері мен ақсүйектер ғана білгендіктен, 1913 жылғы деректерге сәйкес, қалмақ халқының сауаттылығы өте төмен деңгейде (2,3% шамасында) болды. Қалмақ тілінде тодо-бичиг 1924 жылға дейін қолданылды. КСРО халықтарының әліпбилерін кириллицаға көшіру барысында ауыстырылды. Қытай Халық Республикасында ойраттарға білім беруде ескі моңғол жазуы бекітілгенімен, тодо бичигті қолдану тоқтатылған жоқ.
XVIII ғасырда қазақ хандары тодо бичигті қытай және ресей императорларына жазған хаттарында пайдаланған.
Тодо бичиг | Кириллица | Латын | |
---|---|---|---|
ᠠ | А | A | Ескі моңғол жазуындағыдай |
ᡄ | Э | E | |
ᡅ | И | I | |
ᡆ | О | O | |
ᡇ | У | U | |
ᡈ | Ө | Ö | |
ᡉ | Ү | Ü |
Тодо бичиг | Кириллица | Латын | |
---|---|---|---|
ᡋ | Б | B | |
ᡌ | П | P | |
ᡏ | М | M | |
ᠯ | Л | L | Ескі моңғол жазуындағыдай |
ᠰ | С | S | Ескі моңғол жазуындағыдай |
ᠱ | Ш | Sh | Ескі моңғол жазуындағыдай |
ᠨ | Н | N | Ескі моңғол жазуындағыдай |
ᡍ | Х | X | |
ᡎ | Һ | Q | |
ᡐ | Т | T | |
ᡑ | Д | D | |
ᡔ | Ц | C | |
ᡒ | Ч | Ch | |
ᠴ | З | Z | |
ᡓ | Ж | j | |
ᡕ | Й | Y | |
ᠷ | Р | R | Ескі моңғол жазуындағыдай |
ᡖ | В | W |
Тодо бичиг | Кириллица | Латын | |
---|---|---|---|
ᡙ | Г | G | |
ᡘ | К | K | |
ᡗ | Қ | Kh | |
ᡚ | Җ | J | |
ᡛ | |||
ᡜ | |||
ᢘ | |||
ᢙ | |||
ᡊ | Ң | Ng |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.